20
ноябрь
2018
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша мектепте айлық жоспары құрылып, бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда «Сақтаныңыз тұмау!» тақырыбында мектеп медбикесі М.Ахмолдина тізіліс өткізді. Күнделікті таңертең оқушылар тұмау белгілеріне тексеруден өткізіліп тұрады. Мектеп оқушыларына («Д» есебінде тұрған оқушылары) тегін және ерікті түрде тұмауға қарсы профилактикалық екпе жасалды. Сонымен қатар оқушылар қазақ тілі, орыс тілі сабақтарында аталған тақырыпта диктант жұмысын жазды.