«Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2017 жылдың 20-29 қараша аралығында өткен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты республикалық іс-шараның қорытындысы туралы » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2017 жылдың 20-29 қараша аралығында өткен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты республикалық іс-шараның қорытындысы туралы
27
октябрь
2017

«Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2017 жылдың 20-29 қараша аралығында өткен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты республикалық іс-шараның қорытындысы туралы

 

 

Жарма ауданы Білім басқармасынан келген «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты республикалық іс-шара аталып өткізілді. Осыған орай мектебімізде аталған іс-шараның жоспары құрылды.

Қазақ тілі мұғалімдері «Біз әлемді өзгертеміз», «Зорлықсыз әлемді қалай құруға болады?» деген тақырыптарда 5-10 сынып оқушылары арасында эссе жазудан сайыс ұйымдастырды.

Сурет пәні мұғалімі 2-6 сынып оқушылары арасында «Әр қашан күн сөнбесін!», «Мейірімділік бала көзімен» атты суреттер көрмесін өткізді.

5-9 сынып қыздары арасында «Салауатты өмір салтын қолдау» тақырыбымен денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу өтті.

7-10 сынып оқушылары арасында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша ауыл инспекторымен кездесу өтті.

2-10 сыныптарда «Балаларды ренжітпеу, кемсітпеу», «Балалық шақты қорғау» тақырыбында сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді.

7-10 сыныптардан мектеп психологі «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ!» атты сауалнамалар алды. Қорытындысы оқушыларға анонимді түрде берілді. Сонымен қатар ұстаздар арасында «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын!» атты тренинг өткізді.

Іс-шараның қорытындысы тізілісте шығарылып, белсене қатысқан сыныптағы оқушылар мадақтамалармен марапатталды.

 


Похожие публикации:

03 апрель 2017 Наурыз
03 апрель 2017 наурыз