Сейсмологиялық жаттығу » «Қарасу орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Қарасу орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723-47) 40-579
Есепші бөлімі:
+7(723-47) 40-579
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сейсмологиялық жаттығу
19
сентябрь
2024

Сейсмологиялық жаттығу

Төтенше жағдайлар орын алған кезде адам шығынын болдырмау, дұрыс әрекет жасау керектігін үйрету мақсатында Жарма ауданы білім бөлімінің «Қарасу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сейсмологиялық жаттығу іс-шаралары өткізілді. Ең алдымен құтқару қызметінің мектеп ғимаратында хабарландыру жүйесі іске қосылып, 🔉🔊🔊«Баршаның назарына, төтенше жағдайға байланысты сыртқа шығуларыңызды өтінеміз!!!»🔉🔊🔊 дабылы жеткізілді. Барлық қызметкерлер шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа (мектеп алаңына) шықты. Мектеп директоры Керейбаева Салтанат Жумагалиевна төтенше жағдайлардың орны толмас шығындарға әкелуі мүмкін екенін, жер сілкінісі, өрт оқиғасы, террористік актілер орын алған жағдайда ғимараттардың құлауынан шығу жолдарының жабылуы, баспалдақтың қирауы болуы мүмкіндігі айтылды. Оқыс оқиғалар орын алған жағдайда, маңызды болып табылатын алғашқы іс-әрекетті қалай жасау керектігі, жолдары түсіндірілді.
#біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма