16
январь
2023
"Қауіпсіз интернет-қауіпсіз болашақ"
Мектебімізде 16 қаңтар күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 22 ата-ана қатысты. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: 2-ші тоқсан бойынша оқу-тәрбие қорытындысы, ыстық тамақтың ұйымдастырылуы, түлектерді қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындығы, мектеп психологі «Қауіпсіз интернет-қауіпсіз-болашақ!» атты баяндамасы оқылып, жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу, жол қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қандай сақтық шараларын қолдану, түнгі рейд бойынша айтылды.