«Қарасу орта мектебі» КММ-сі бойынша 2017 жылдың 27-30 қараша аралығында өткен Ауданымыздың «Құрметті азаматы» Н.Өзбековке арналған «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты апталықтың қорытындысы туралы
Жарма ауданы Білім басқармасынан келген тапсырмасы бойынша 2017 жылдың 27-30 қараша аралығанда ауданымыздың «Құрметті азаматы» Н.Өзбековке арналған «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты апталықтың іс-шара жоспары құрылды.
Жоспарға сәйкес апталықтың ашылуы тізіліс түрінде өтті. Тізілісте Н.Өзбеков туралы ақпарат беріліп, апталықтың жоспарымен таныстырылды.
28 қараша күні қазақ тілі пәні мұғалімі А.Е.Турдинаның ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында «Өлеңге әркімнің –ақ бар таласы» атты мәнерлеп өлең оқудан сайыс өтті. Нәтижесінде І орынды 4 сынып оқушысы Батырхан Акежан, ІІ орынды 3 сынып оқушысы Тоқтаров Ералы, ІІІ орынды 4 сынып оқушысы Фархадов Әкежан иеленді.
29 қараша күні 5-10 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі» атты шығармалар сайысы өтті. Ең үздік шығарма жазған оқушылар мадақтамалармен марапатталды.