02
февраль
2018
Вирусты гепатиттің алдын алу бойынша
2 ақпан күні мектебімізде медбике М.Ө.Ахмолдинаның
ұйымдастыруымен 5-10 сынып оқушылары арасында «Вирусты гепатит «А»?» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында –
вирусты гепатиттің пайда болу себептері, түрлері, алғашқы белгілері, асқынуы,
профилактикасы, одан шығу жолдарын, қандай тағамдар пайдалану туралы ақпарат берді. Барлық ақпарат слайд түрінде көрсетіліп, оқушыларға сонынан
жаднама таратылды. Сынып сағаттарында
«Балаларды қалай «А» вирусты гепатиттен сақтауға болады?» тақырымен жазба
жұмыстары алынды.