27
январь
2020
«Мен OFFLINE (оффлайн)» атты республикалық кең ауқымды балалар акциясында өткізілген іс-шаралар туралы
«Мен OFFLINE (оффлайн)» акциясының іс-шаралар жоспары құрылды. Информатика пәнінің мұғалімі Г.Касиманова «2020 жылғы 26 қаңтар –халықаралық интернетсіз күн» туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, интернеттің пайдасы мен зияны туралы жаднамалар таратты. «Менің интернетсіз бір күнім» тақырыбымен 1-6 сынып оқушылары арасында таза ауада спорттық жарыстар өткізілді. 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен OFFLINE (оффлайн)» эссе байқауы, 1-4 сынып оқушылары арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» суреттер байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Мен OFFLINE (оффлайн)» тақырыбында сынып сағаттары, 7-11 сынып оқушылары қатысуымен флешмоб өткізілді. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына іс-шаралар туралы қорытынды ақпарат орналастырылды.