29
ноябрь
2019
«Қыз болашағы – ел болашағы»
Мектеп бойынша онкүндік жоспары құрылды. 9-11 сынып оқушылары арасында «Қазақ қызы қандай болуы керек?» тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқау қорытындысында 10 сынып оқушысы Д.Бибосинованың жұмысы үздік деп танылды. «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбымен 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. «Ерте жүктілік несімен қауіпті?» тақырыбында ауыл фельдшері Н.Мухамеджанованың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кітапханашы Ш.Садиева «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында өткізген дөңгелек үстелге ұлағатты ұстаз Г.Толымгожинова шақырылып, қыз бала тәрбиесіне байланысты маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар қыздар арасында «Салауатты өмір салтын сақтаймыз!» ұранымен волейбол жарысы өтті. «Жас Ұлан» ұйымы «Қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» тақырыбымен өткен пікірталаста оқушылар тарапынан да, ата-аналар тарапынан да тартымды ойлар ортаға салынды.