10
май
2019
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай атқарылған іс-шаралар туралы
Мектеп бойынша 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай іс-шаралар жоспары құрылды. Мектеп дәлізі, мектеп алды мерекеге сай безендірілді. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 7-11 сынып оқушылары арасында «Алау» ойыны өткізілді. Мектеп бойынша Ә.Молдағұлованы еске алу күніне орай 6-11 сынып қыздары арасында дәстүрлі «Мерген ару - 2019» сайысы өткізіліп, 9 сынып оқушысы Д.Бибосинова кубок иегері атанды. 1-11 сыныптарда «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыбында ерлік сабақтары өткізілді. 5-10 сынып оқушылары арасында өткен «Жеңіске рух берген әндер» әскери әндер байқауында 7 сынып «День победы» әнімен І орынды, 8 сынып «Катюша» әнімен ІІ орынды, 10 сынып «Болмасын соғыс» әнімен ІІІ орынды иеленді. 9-11 сынып оқушылары Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіш маңын тазартып, аббаттандыру жұмыстарын жүргізді. 6-8 сынып оқушылары тыл ардагерлері Т.Кисиков, Л.Пшикова, Р.Пипченколарды мерекелік ашық хатпен құттықтады.
Ұлы Жеңіс күніне орай «Қаһарман ұлт» шеруі, «Ардагерлерге бас иіп, тағзым етеміз» атты мерекелік жиын өткізілді.
Ұлы Жеңіс күніне орай «Қаһарман ұлт» шеруі, «Ардагерлерге бас иіп, тағзым етеміз» атты мерекелік жиын өткізілді.