15
декабрь
2023
"ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ" атты көрме
"Қарасу орта мектебі "КММ-сінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай кітапханашы Г.С.Токтабаеваның ұйымдастыруымен 2-3 сынып оқушылары және 5-6 сынып оқушылары арасында "ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ" атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау.