Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне байланысты
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін өткізу бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Мектеп бойынша 19-20 наурыз күндері Наурыз мерекесі тойланды. Шағын орталық тәрбиешісі Батырбаева А.М. өткізген Наурыз мерекесіне Көктем ару келіп, балалар «Құстар шеруі», «Домбыра» билерін тарту етті. «Қол күрес», «Қыз қуу» ойындарын ойнату арқылы ұлттық ойындар насихатталды. Мектепалды даярлық сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» мерекесін Тоқтабаева Г.С. ұйымдастырды. Балалар Наурыз мерекесі туралы өлең шумақтарын жатқа айтып, Бауыржанқызы Інжу «Аққу» биін нақышына келтіре орындаса, оқушылар тобының «Қара жорға» биі мереке қызығын арттыра түсті. Балалар ата-аналардың жайған дастарханынан дәм татып, наурыз көже ішіп, мерекеге келген Қыдыр атаның батасын алды.